ТОО "Амира-2015", детский сад "Амира"
 "Амира-2015" ЖШС, "Амира" балабақшасы

Instagram sad_amira_2015

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қоғамдық талқылау

Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі жанындағы Қосшы қаласының ЖШС «Амира -2015» «Амира» балабақшасы 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі              

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады. Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

1.тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдаяттарға байланысты ешқандай кемсітусіз көрсетілетін қызметті алушылардың тең қолжетімділігі;                            

2.мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі бюрократия мен қағазбастылық көріністеріне жол бермеу;

3.мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі есептілік пен ашықтық;

4.мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

5.мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін үздіксіз жетілдіру;

6.мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.

7.Ақмола облысының білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының ЖШС «Амира -2015»  «Амира» балабақшасы - 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:                                                          

 1.«Мектепке дейінгі жастағы балаларды (6 жасқа дейінгі) балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін кезекке қою»

 Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз/проактивті/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі.            2025 жылы - 136 қызмет көрсетілсе, оның 136-ы akmola.kz ақпараттық жүйесі арқылы,  электронды үкімет порталы арқылы - 0.                                                             

  2.«Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі   ұйымдарға тіркеу» . Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде)  2025 жылы  - 136 қызмет көрсетілді, 136 - akmola.kz ақпараттық жүйесі арқылы, оның ішінде мемлекеттік орган арқылы- 0.  

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін Ақмола облысының білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының ЖШС «Амира -2015»  «Амира» балабақшасы   қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

 

Байланыс ақпараты:

Қосшы қаласы, Қорқыт ата көшесі 1,Желтоқсан көшесі 56 а

Ақмола облысының білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының ЖШС «Амира -2015»  «Амира» балабақшасы

байланыс  телефоны: 8 702 5343683, электронды  адресі sadamira@mail.ru

Қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.

 


Текст